Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарында 3-орын алды

Қырғызстан командасы Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарында медальдар саны бойынша көш бастап, бірінші орын алды. Екінші орын Түркіменстан алса, үшінші орынға Қазақстан командасы қол жеткізді.

8a668866819fd29f40d9a1e3d42ab4d0

Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындары Қырғызстанда Ыстықкөл жағасында 3-8 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа спорттың 25 түрі бойынша әлемнің 60-тан аса мемлекеті қатысты.

Ойын аясында Ыстықкөл облысы Кырчын жайлауында «Дүние жүзі көшпенділері» этнофестивалі өтті.

«Медаль саны бойынша бірінші орынды Қырғызстан құрамасы алды. Оларды барлығы 79 медаль, оның 25-і алтын. Екінші орынға 15 алтын медаль алған Түркіменстан ие болды. Ал Қазақстан 12 алтын медаль ұтып алып, үшінші орын иеленді», – деп жазылған хабарламада.

Ресей командасы 4-орын алса, одан кейінгі орындарға Әзербайжан мен Иран жайғасты. Спорттың әр  түрі бойынша медальді 30 елдің спортшылары иеленді.

Мемлекеттік агенттік директоры Қанат Аманқұловтың айтуынша, Көшпенділердің Бүкіләлемдік ойындарында әлемнің 62 мемлекетінен 1000 спортшы қатысқан. Оларға жергілікті төрешілерме нбірге 60-тан аса шетелдік төрешілер қызмет көрсетті.

Жіберіп алмаңыз: 

Мұхтар Ниязов Көшпенділер ойынында айтыстан гран-при жүлдесін жеңіп алды

Көшпенділер ойынындағы ай жүзді сұлулар (фото)

Талқылау