Қазақстан қор биржасы: Теңге бағамы көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 342,55 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан қор биржасына сілтеп.

Қазақстан қор биржасы: Теңге бағамы көтерілді

Бұл көрсеткішті жұма күнгі сауда-саттықпен салыстыратын болсақ, шетелдік валюта бағамы 1,66 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 342,4 теңге, ал ең жоғарғысы 342,66 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 52,9 млн долларға жетті.

Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 АҚШ доллары 344,21 теңге, күндізгі сессияда 342,95 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 343,45 теңге болған. Ал, сауда-саттықтың жалпы көлемі 163,15 млн долларды құрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар