Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан келешекте туберкулез анализі ретінде флюорографиядан бас тартуы мүмкін

Қазақстандық дәрігерлер болашақта туберкулез анализі ретінде флюорографиядан бас тартуы мүмкін. Бұл пікірді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Эрик Байжүнісов мәлімдеді.

Безымянный

“Біз алғаг рет туберкулездің анықталуын қан арқылы жүргіздік. Қазір посткеңестік елдердің бәрінде флюорография қолданылады. Біз қан арқылы қалай анықтауға болады дегенді көп іздедік. Кәрістермен енді келісімге қол қойып отырмыз. Қазір олар алып келген құрылғылармен екі емханада зерттеу жүргізіп жатырмыз”, – деді Байжүнісов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаевамен кездесуінде.

Денсаулық басқармасы басшысының айтуынша, қан арқылы алынған анализ туберкулезді анықтауға мүмкіндік береді және емдейтін антибиотиктің сезімталдығын байқай алады.

Талқылау