Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Doing Business рейтингісінде 28-орынды иеленді

Doing Business рейтингісінде еліміз 2017 жылы 36 орында тұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттердің рейтингін құру үшін Дүниежүзілік банктің аналитиктері әр жыл сайын 190 мемлекетті зерттейді. Әр елдің кәсіп құрғанға қаншалықты лайықты екенін анықтайды.

Талдау 10 индикатор бойынша жүзеге асырылады. Зерттеудің қорытындысы Дүниежүзілік банктің сайтында жарияланады.

2018 жылы Қазақстан Doing рейтингісінде 31 орынды иеленген Ресейді артқа тастап, озып кетті. Қырғызстан — 71, Армения — 41, Беларусь — 30-орынға жайғасты.
Рейтингтің үштігін Жаңа Зеландия, Сингапур және Дания құрайды.

Талқылау