Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бақытты елдер тізімінде жетінші орынға тұрақтады

Былтырғы жылдың қараша-желтоқсан айларында Gallup әртүрлі елдер арасында сауалнама жүргізіп, ең бақытты ел тұрғындарын анықтады. «Сіз қаншалықты бақыттысыз?» деген сұрақ әлемнің 55 ел тұрғындарына қойылды. Бас-аяғы 54 мың адам сауалнамаға қатысты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Жеке өміріңіздегі жағдайларға қарап өзіңізді қаншалықты бақытты немесе бақытсыз сезінесіз?» деген сауалға қатысушылардың 59%-ы «бақыттымын» деп жауап берген. Бұдан бөлек, әрбір оныншы адам өзінің бақытсыз екенін айтқан», – делінген зерттеу нәтижесінде.

Ал 28%-ы өздерін бақытты да, бақытсыз да сезінбейтіндерін айтқан.

Gallup-тың мәліметіне сүйенсек, 2016 жылмен салыстырғанда былтырғы жылдың нәтижесі айтарлықтай жақсы жаққа өзгерген.

Сауалнама нәтижесі бойынша әлемдегі ең бақытты және ең бақытсыз елдер тізімі де жарияланды.

Сонымен ең бақытты елдердің көшін 92 пайыз көрсеткішпен Фиджи мемлекетін бастады. Үздік үштікке Колумбия (87 пайыз) мен Филиппин (84 пайыз) елдері кірді.

“Әдеттегідей бақытты елдер қатарында Азия елдері бар. Ол – Вьетнам, Папуа Жаңа Гвинея, Индонезия, Үндістан мен латын-америкалық (Мексика,  Аргентина, Эквадор, Перу). Күтпеген жерден аталған тізімге Қазақстан кірді. 74 пайыз көрсеткішпен қазақстандықтар әлемдегі ең бақытты елдер тізімінде 7-орынға тұрақтады. Сондай-ақ, 64 пайыз көрсеткішпен Нидерланды елі 11-орынға жайғасты», – деп атап өтті Gallup.

Ал ең бақытсыз елдер көшін Үндістан (халықтың небәрі 5 пайызы бақытты) мен Ирак (7 пайызы бақытты) бастап тұр. Сондай-ақ, бұл тізімде Украина, Гонконг, Греция, Бразилия елдері бар.

Gallup International вице-президентінің айтуынша, адамдардың бақытты болуы ақша мен материалдық байлыққа байланысты емес. Бұл жағдайда көбіне даму мен әділеттілік рөл ойнайды, дейді ол.

«Бақытты адамдар тек қана бай елдерде өмір сүрмейді. Сондай-ақ, керісінше бақуатты елде тұрса да бақытсыз боп жүрген халықтар бар», – деп атап өтті ол.

Жіберіп алмаңыз:

Енді қазақстандықтар мемлекеттік органдарға анықтамалар апаруға міндетті емес

Алматыда жоғалып кеткен жігіт есін жоғалтқан күйі басқа қалаға кетіп қалған

Қанағаттандыра да алмайсыңдар: Атышулы Замира ер азаматтарға тағы да өкпесін айтты (видео)

Шетелдік жігітке еріп Түркияға кеткен павлодарлық қыз елге қайта алмай жүр

Талқылау