Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазақстан халқына адал қызмет етемін": Қайрат Қожамжаров сенат депутаты ретінде ант қабылдады

Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Сенат депутаты ретінде ант қабылдап, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қайрат Қожамжаров

«Қазақстан халқына адал қызмет етіп, Қазақстан Республикасының бүтіндігі мен тәуелсіздігін нығайтып, Конституция пен заңдарға бағынуға ант етемін». Маған жүктелген депутат міндеттерін адал атқарамын», - дейді Қайрат Қожамжаров. 

Өз кезегінде Сенат спикері Дариға Назарбаева жаңа депутатты құттықтады.

«Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Сенат депутаты атанды. Бұл туралы білесіздер. Палатаның атынан Қайрат Қожамжаровты құттықтаймыз.

Сіз тәжірибелі, білікті заңгер ретінде Сенаттың заң шығару қызметіне өз үлесіңізді қосасыз деп үміттенеміз», - дейді Дариға Назарбаева. 

Сенаторлар ұсынысты бірауыздан қолдады. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр