Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан футболын басқаратын тұлғаның есімі белгілі болды

Бүгін, 28 қараша күні Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161128115245

Кезектен тыс өткен XIV ҚФФ сайлау конференциясында жиылғандардың барлығы бірауыздан Сейілда Байшақовтың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Енді ол ҚФФ президенті лауазамында 2020 жылдың 28 қарашасына дейін отыратын болды.

“Артылған сенім үшін үлкен рахмет. Сіздердің сенімдеріңізді бағалаймын. Өз тарапымнан қазақстандық футболдың дамуы үшін бар жағдайды жасаймын”, – деді Сейілда Байшақов.

20161128112936

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚФФ басшысы болған Ерлан Қожағапанов өз еркімен қызметтен кеткен болатын.

Сейілді Икрамұлы Байшақов 1950 жылы 28 тамызда туған. Кәсіби мансабының негізгі бөлігін “Қайрат” қатарында өткізіп, 300-ге жуық матчқа қатысып, 11 гол соққан. Алаңдағы негізгі позициясы – қорғаушы. Ол ұзақ жылдар бойы алматылық команданың көшбасшысы әрі капитаны міндетін атқарды. Мансабын аяқтағаннан кейін 1981 жылы “Қайраттың” бас бапкерінің көмекшісі болды.

2007 жылдың тамыз айынан бері ҚФФ вице-президенті қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз:

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды

Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді

Вице-министр Илья Ильиннің қанына допинг қалай тап болғанын айтып берді

Талқылау