Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан футболшылары Дания құрамасынан ойсырай ұтылды (видео)

2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында Копенгагенде Дания құрамасымен кездескен Қазақстан құрамасы ойсырай жеңілді.

CxAolgpWIAAdjMX

Матчта 1:4 есебі тіркелді. Алғаш болып Корнелиус 15-ші минутта есеп ашқан. Арада екі минут өткен соң “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев алыстан соққы бағыттап қақпа торын бүлк еткізіп таразы басын теңестірді. Алайда осы голдан соң дат футболшыларының ашуы тіпті артып кеткендей. Эриксен 36,92-ші минуттарда екі гол соқса, 78-ші минутта Анкерсен көзге түсті.

Осылайша Е тобындағы төртінші тур матчы біз үшін тағы сәтсіздікпен аяқталды. Бұл Қазақстан құрамасының осы іріктеу кезеңіндегі екінші жеңілісі. Осы турдан соң Байсуфиновтың командасы еншісіндегі екі ұпаймен ең соңғы сатыға сырғыды. Қазақстан құрамасының келесі ойыны 2017 жылы 26 наурызда Арменияға қарсы өтеді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг әлемнің үздік дзюдошысы атанды

Қанат Ислам Атырауда жетім балаларға теледидар сыйлады (фото)

АҚШ президенті Трамптың Головкинді күтіп тұрған видеосы пайда болды (видео)

Бүркіт Айшаның стилін сынға алғандарға жауап берді

Талқылау