Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин қайтыс болды

2017 жылы ақпанның 11-інен 12-іне қараған түні Қазақстан есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин қайтыс болды.

20170212112426

“Бүгін түнде 57 жасында есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин қайтыс болды. Өлім себебі – жүрек ауруы”, – деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі.

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин 1960 жылы Ақтөбе облысында туған. Әр жылдары ол Алматы әкімінің орынбасары, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, ҚР қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып қызметтер атқарды.

2014 жылдың қаңтар айында республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау бойынша есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Мемлекеттік “Құрмет”, “Барыс” ордендерімен марапатталған.

Оқи отырыңыз:

Тасмағамбетов Ресейге жұмыс істеуге жіберілді

Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады

Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Талқылау