Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан елдегі футбол клубтарын қаржыландырмауы мүмкін

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) форумы өтті. Мұнда жергілікті бюджеттен спортқа бөлінетін қаржының қысқартатындығы жайында сөз болды деп, хабарлайды Азаттық.

 

Форумда мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Асқар Есімовтің сөзінше, үкіметте жергілікті бюджеттен спортқа бөлінетін ақшаның 50 пайызы командалық спорт түрлеріне, қалған жартысын жекелей ойын түрлеріне беру заң жобасы қарастырылуда.  Себебі, биылдың өзінде  жергілікті бюджеттен спортқа бөлінген 67,8 миллиард теңгенің 16 миллиарды футболға жұмсалған екен.

«Заң жобасы осы күйінде қабылданса, бұл тәртіп жекелеген спорт түрлерін дамуға септегін тигізеді» деді Асқар Есімов.

Қазақстан Футбол Федерациясының ұйым президенті Ерлан Қожағапановтың айтуынша, жаңа тәртіп жүзеге асса, футбол клубтары қаржы қиындықтарына тап болады. Сондықтан футбол клубтары мемлекеттік бюджеттің қолдауынсыз өз бетімен күн көруді үйренулері керектігін айтты.

 

 

Талқылау