Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан дүкендерінде адам денсаулығына аса қауіпті азықтар еркін саудалануда

Еліміздегі дүкендерді тексерген СЭС дәрігерлері ондағы тамақтардың құрамын көріп, өздері жаға ұстады. Жұрт жаппай тұтынатын сүт өнімдері көгеріп кетсе, ал балалар тамсана жейтін печеньелерде бактериялар тұнып тұр. Көзге көрінбейтін құрттар, тіпті сәбилерге ана сүтінің орнына берілетін ұнтақтардан да табылған. Бір айта кетері, бұзылған өнімнің барлығы Ресейде шығарылыпты.

IMG_0728

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.
Тарыдағы «тіршілік иелерін» Рудный қаласының тұрғыны тапқан. Тәрелкеге түсе салысымен тырбаңдаған дернәсілдер сонау Ресейден жеткенше тірі жүріпті. Сөйтсе, сырттан келетін басқа да тауарларда мұндай зиянкестер жетіп артылады екен.
« «Активия» тауарында табылып отыр. Сонымен қатар «Ролтонда» дрож, көгерудің көрсеткіші жоғары боп отыр. Сонымен қатар, пішінәй «Туктан» жұқпалы таяқша табылып отыр. Сонымен қатар, құс өнімдерінде, фарштарда осы сәйкестер табылып отыр»,-дейді Қазақстан тұтынушылар құқығын қорғау қорыныңтөрағасы Ержан Жүнісов.

Тірі құрттар мұздатылған тауық етінен де табылған. Ішке түссе болғаны, сүзек ауруына соқтыратын қоздырғыштар, тіпті, бала жейтін тағамнан да шығыпты. Бұзылған астың барлығы дерлік – ресейлік өнім. Көзді ашып жұмғанша пісетін кеспелер де бар «қара тізімде».
«Тауық дәмі бар жылдам әзірленетін «Ролтон» кеспесінде микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Анықталған сәйкессіздіктер бойынша халықтық санитарлық эпидемиялогиялық салауаттандыру саласындағы ҚР заңнамаларының талаптарын бұзушылықтарын жою туралы санитарлық ұйғарым берілді»,-дейді Ақтөбе облысытұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова.

Атап айтқанда, тауық етінен дайындалған кеспе, ас дәмдеуіштер мен крекерлерді де жеу қауіпті боп тұр. «Қара тізімнің» ішінде бала-шаға тәттісіне қызығатын, ал қыз-келіншектер арықтау үшін ішетін тәтті сүт те бар. Сорақысы сол, қанша сұмдығы болса да бұл азық-түліктерді сөрелерден алып тастауға ешбір мекеменің қауқары болмай тұр.
«Енді жалпы тауарды алу, алмау тұтынушылардың ол жалпы қандай сәйкессіздік пайда болғанына байланысты. Біз мына жерде айтып отырмыз «қара тізімде» яғни мынау ағзаға, денсаулыққа пайдасыз нәрселер болатын болса, зиян келетін жағдайлар болса сол бойынша тұтынушыларды осы тауар өнімдеріне көзқарастарын жалпы тікелей қарауды айтамыз»,-дейді Қазақстан тұтынушылар құқығын қорғау қорыныңтөрағасы Ержан Жүнісов.
Яғни, іші зиянкеске толы тағамдарды жұрт әрі қарай да пайдалана берме

Талқылау