Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан БЖЗҚ-дағы 250 миллион долларды қалай қайтара алады

Қазақстандық экономистер Ұлттық банкті ресейлік Сбербанктің үлгісін ұстануға шақырып, БЖЗҚ-дағы 250 миллион долларды қалай қайтарып алудың жолдарымен бөлісті.

Қазақстан БЖЗҚ-дағы 250 миллион долларды қалай қайтара алады

Бұл туралы 31-арна хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әңгіме БЖЗҚ-дағы 250 млн долларды елімізге қайтарудың әдістері жайлы болып отыр. Ал Әзірбайжанның Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған бұл қаражат біздің елімізге 14 жылда қайтарылатыны белгілі. Әзірбайжан қазақстандықтардың 250 миллион долларын 14 жылға созып қайтарып жатса, 20 миллион АҚШ долларын инвестициялаған Сбербанк осындай қиындықтан шығудың оңай жолын тауып кетті.

«Олар ештеңе істеймей, тек қайта құрылымдаудың бір нұсқасын таңдады. Мысалы, «Сбербанк» те осындай қиындыққа тап болды, бірақ ол Әзірбайжан банкіне тек 20 млн доллар ғана салған болатын. Сонда «Сбербанк» Әзірбайжан нұсқасының реттеу әдістерімен келіспей, Лондондағы сотқа барып, қаражатты өндіріп алу туралы шешімді алды»,- дейді қаржыгер Айдан Кәрібжанов.

«Сбербанк» болса өз ақшасын, пайыздарын және айыпақыны Ұлыбритания аумағында қайтара алады. Бұны істеу үшін Мәскеу арбитраждық соты есепшотқа тыйым салды және Әзербайжанның еншілес банкінің Ресейдегі акцияларының жартысын сату құқығына ие болды.

«Дәл сол сот жаңа туындаған жағдайлар бойынша әрекет етуге тырысты. Біздің білетініміздей, онда өнегелік құқық. Мүмкін, жағдай біздің жаққа шешілер және біз мәселені шеше алар ме едік. Кем дегенде, осы бағытта әрекет етіп, тырысып көруге болады»,- деді экономист Айдар Әлібаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау