Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бұдан былай Орталық Азиядағы ішімдікті ең көп тұтынатын ел емес

Жыл сайын қазан айында елімізде ішімдіктен бас тарту күні атап өтіледі. Бұл орайда онкүндік шаралар ұйымдастырылады. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Орталық Азиядағы алкогольді ең көп тұтынатын ел болып табылған еді.

алкоголь-этикет-как-пить

Бүгінде бұл мәселе біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Қазақстандықтар бұрынғымен салыстырғанда ішімдікті едәуір аз тұтынатын болды.

«Ішімдікке деген көзқарас жақсы жаққа қарай өзгеруде. Күн сайын ішімдіктен бас тартып немесе құрамындағы спирттің пайыздық көрсеткіші жоғары сусындарды төменгілеріне ауыстырып жатқан адамдар саны көбеюде. Әрине, бір-ақ сәтте нәтижені өзгерту мүмкін емес. Десе де, ақырындап біздің халық алкогольді сусындардың зиянын түсініп келеді», – деді нарколог-дәрігер Тоқтар Қойшыбеков Sputnik-ке берген сұхбатында.

2012 жылы бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды Орталық Азиядағы ең ішкіш ел деп таныған болатын. Қазақстандық мамандар жүргізген биылғы зерттеу жағдайдың оң арнаға қарай бағыт алғанын анықтады. Нақтылап айтсақ, алкогольді тұтыну 1998 жылғы 55%-дан 2015 жылы 24,2%-ға дейін төмендесе, ішімдік ішіп теріс қылықтар жасау  2012 5%-дан 2015 жылы 4,1%-ға азайды.

“Бұған бір жағынан экономикалық ахуал, ал екінші жағынан халықтың алкогольді ішімдіктердің зияны туралы көбірек хабардар болуы сеп болып отыр. Әсіресе, бұл туралы оқушылар мен студенттерге айту маңызды. Жастар алынған ақпаратты дұрыс қабылдай біледі. Көбінесе алкогольді шамадан тыс пайдаланатын – егде жастағылар», – деп атап өтті дәрігер.

Қазақстандықтардың ішімдіктен бас тартуы бұл салада қызмет ететін кәсіпкерлерге оңай тиіп жатқан жоқ. “КазАлко” ассоциациясының президенті Әміржан Қалиевтің айтуынша, елімізде алкогольді ішімдіктердің сатылуы әлдеқайда төмендеген. Ал ішімдік өндіретін мекемелер саны 5 жылдың ішінде 52-ден 13-ке азайған.

“Он жылдың ішінде Қазақстанда алкоголь өнімдерін өндіру мен сату 30%-ға төмендеді. Бір ғана арақтың өндірісі жылына 5%-ға кеміп жатыр. Әрі қазір сәнді ішімдіктерге көшу дәуірі”, — деп атап өтті Қалиев.

Оның айтуынша, Қазақстанда сыра ішімдігінің танымалдылығы артуда. 2008 жылы елімізде бұл сусын 356 миллион литр көлемінде өндірілсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 450 миллион литрдан асып түскен.

Қазақстандықтар қандай ішімдіктер ішеді? Алкогольдік сусындардың танымалы қайсы және оларды таңдау барысында тұтынушылар неге баса мән береді? Бұған қала тұрғындары жауап берді.

«Мен вискиді таңдаймын. Бірнеше тексерілген түрін білемін. Дұрысы, сапалы сусындар алу керек. Мен үшін сапа бірінші орында. Ирландиялық вискиді ұнатамын, бірақ жиі ішпеймін. Таныстарымның көбісі бүгінде салауатты өмір салтын ұстанады. Ішімдікті анда-санда, тек айтулы мерекелерде тұтынады», – деді Ержан есімді супермаркет тұтынушысы.

Сауалнама нәтижесі елорда тұрғындарының қымбат бағадағы сусындарды көбірек сатып алатынын анықтады.

Ал Астанадағы шарап сататын дүкеннің басшысы бұл салаға дағдарыстың әсер етпегенін мәлім етті.

Дегенмен де, Қазақстанда алкогольді өнімдерді тұтыну төмендегенімен, мас күйінде жасалған қылмыстар саны азаяр емес. Биыл бұл көрсеткіш 13%-ға артқан.

Жіберіп алмаңыз: 

Семейде жас жігіт ішімдіксіз өтіп жатқан кешке қызу келгені үшін әріптесін ұрып тастады

Қазақстанда балалар 10 жасынан бастап ішімдік іше бастаған

Жамбыл облысында бүтін бір аудан ішімдіктен бас тартты

Майғазиев: Батырхан Шүкенов “ішімдік ішкен әйелден жеккөретінім жоқ” деуші еді

Талқылау