Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан боксының жарық жұлдызы Василий Жиров ислам дінін қабылдады (фото)

Бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша кәсіби боксшылар арасында бұрынғы әлем чемпионы, тәуелсіз Қазақстанның бокстан алғашқы олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, отандық бокстың аңызына айналған Василий “Балқаш жолбарысы” Жиров ислам дінін ресми түрде қабылдады.

c9f8d0dad0e00317087063ec25605eb2_XL

Василий Жиров  Ид-уль-Фитр (Ораза Айт) мерекесі қарсаңында ислам дінін қабылдады, деп хабарланды “Хазірет Сұлтан” мешітінің ресми сайтында.

20170628093829

Инстаграмда rustam_abdussalamov атап өткендей, “кеше ерекше күн болды… ерекше айт!  Әдеттегідей таңғы 5-те ояндық, айт намазына бардық, бірақ осы жолы менімен намазға   Вася Жиров барды, ол менің жанымда тұрды, бір қатарда осындай ерекше күнде, елорданың орталық мешітінде өміріндегі алғашқы намазын оқыды!».

Тағы да оқыңыз:

Бір ауруханада жұмыс істеген апалы-сіңлілер бір-бірін 40 жылдан кейін тапты

Бүлдіршін Рамазанның аяқталуына орай би билеп көпшілікті тамсандырды (видео)

Қазақстан мейрахманаларында тамағын тауысып жемегендерге айыппұл салынатын болды

Талқылау