Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бай табиғаты бойынша 92-ші орынға ие болды

Қазақстан әлем елдерінің бай табиғаты бойынша түзілген рейтингте 92-ші орынға ие болды.

56

Бұл туралы жыл сайынғы Travel and Tourism зерттеуі бүкіләлемдік экономикалық форум сайтында жазылған.

Тізімді құрастырып шығу үшін мамандар 136 елді салыстырып, ол елдердегі тіршілік ететін жануарлар түрлерін, өсімдіктер мен қорықтарды, экологиялық өңірлерді, сондай-ақ, ЮНЕСКО құрамына кіретін нысандарды есепке алған.

Ең табиғаты бай ел болып Бразилия танылды. Екінші орын Мексикаға бұйырса, үшінші орында – Коста-Рика. Ондыққа Перу, Қытай, Австралия, Тайланд, Испания және АҚШ елдері кірген.

Ресей 39, Тәжікстан 80, Украина 115-ші орындарда.

Талқылау