Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтінгісінде төменгі орынға түсіп қалды

Швейцариялық басқарма институтының құрауы бойынша, Қазақстан бәсекеге қабілеттілік тізімінде бірден 13 сатыға төмен түсіп, 47-орынға шығып қалды.

Безымянный

Сурет: digital.report 

Америка экономикасы бәсекеге ең қабілетті деген  атақтан айырылып, бірінші орыннан үшінші орынға түсті. Тізімді 3 жыл қатарынан көш бастап тұрған АҚШ-тың орнын Гонконг басты. Екінші орынға Швейцария тұрақтады. Үштікке кіретін Сингапур үштіктен шығып қалды. Ондыққа Швейцария, Дания, Ирландия, Нидерланды, Норвегия мен Канада кірді.

Ал, Ресей бір жылда бір орынға көтеріліп, 44-орынға шықты. 43-орына Словения, 45-орында Мексика тұр. Украина да 60-орынна бір саты көтеріліп, 59-орынға тұрақтады.

ШБИ-ның басшысы Артуро Бристің айтуынша, Гонконг ортада қолайлы бизнес жасауға бейімділігінің арқасында көш бастап тұр.

«АҚШ бұрынғыша әлем бойынша үздік экономикалық көрсеткішке ие. Алайда, біздің бәсекеге қабілеттілікті бағалауда есепке алатын өзге де факторлар бар», – дейді ол.

ШБИ 1989 жылдан бері әлем бойынша мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін зерттеп келеді. Көрсеткіш нәтижесі мемлекеттің бизнестің тиімділігі мен экономиканы дамытуға қаншалықты қауқарлы екенін айғақтайды. Мемлекеттер 369 көрсеткіш бойынша бағаланады. Онда жалпы экономикалық тиімділігі (макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке алады), мемлекеттік басқару (соның ішінде жемқорлықты есепке алады), бизнестің тиімділігі мен инфрақұрылымның дамуы сынды төрт топта қарастырылады. Рейтінг құру барысында ресми көрсеткіштер мен сарапшылардың пікірлері есепке алынады.

Талқылау