Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақстан барысы” турнирінің финалистері анықталды

“Қазақстан барысы” турнирінің іріктеу турнирлері аяқталды. Осы сындарда еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан турнирге қатысатын балуандар анықталды.

52024420

Сурет ulttyqsport.kz

Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Биылғы турнирге 32 балуан жолдама алды. Олардың арасында былтырғы “Қазақстан барысы” атағын жеңіп алған Бейбіт Ыстыбаев пен “Әскер барысы” жарысының жеңімпазы Талғат Әміренов бар. “Қазақстан барысы” қазақ күресін дамыту қоғамдық қорының хабарлауынша, биыл финалға шыққан 11 балуан алғаш рет турнирге қатысады. Ал қалғандары өткен жылдардан бері финалға қатысып келе жатқан спортшылар.

Осы жолы алғаш рет кілемге шығатын балуандардың қатарында Дулат Алпысов, Алтынбек Аусағитов (екеуі де Солтүстік Қазақстан облысы), Еркебұлан Егінбаев (Павлодар облысы), Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы), Сержан Ерлан (Батыс Қазақстан облысы), Ербол Игілік (Маңғыстау облысы), Бауыржан Қабай (Алматы қаласы), Абылайхан Қасымхан (Қостанай облысы), Асхат Құсайынов (Шығыс Қазақстан облысы), Дархан Темірханов (Ақтөбе облысы) мен Мереке Тұрашев (Ақмола облысы) бар.

16-18 мамырда балуандардың бәрі Алматы қаласында медициналық тексерістен өтіп, допинг талдауына анализ тапсырды.

“Қазақстан барысы” турнирінің финалына мына балуандар қатысады:

Ақмола облысы: Мереке Тұрашев, Леонид Станеев

Ақтөбе облысы: Дархан Темірханов, Нұрсұлтан Иманғазин

Алматы облысы: Ұлан Рысқұл, Александр Касачёв

Атырау облысы: Сұңғат Закарияев, Кенжебек Күзембаев
Батыс Қазақстан облысы: Олжас Сүлейменов, Сержан Ерлан
Жамбыл облысы: Айбол Айтбек, Дәулетхан Жақыпов
Қарағанды облысы: Асыл Бәрменов, Бекзат Ахметбеков
Қызылорда облысы: Еламан Ерғалиев, Руслан Әбдіразақов
Қостанай облысы: Ерлан Омаров, Абылайхан Қасымхан
Маңғыстау облысы: Нұрдәулет Жарылғапов, Ербол Игілік
Оңтүстік Қазақстан облысы: Жұманазар Ерсұлтанов, Нұрсұлтан Мыңғышов
Павлодар облысы: Самир Мәмедов, Еркебұлан Егінбаев
Солтүстік Қазақстан облысы: Алтынбек Аусағитов, Дулат Алпысов
Шығыс Қазақстан облысы: Айбек Нұғымаров, Асхат Құсайынов
Алматы қаласы: Виктор Демьяненко, Бауыржан Қабай
Астана қаласы: Айбат Сейтен, Айтуар Абдулов
“Әскер барысы”: Талғат Әмренов
“Қазақстан барысы – 2015”: Бейбіт Ыстыбаев.

 

“Қазақстан барысы” турнирі 3 шілдеде сағат 12.00-де Астанадағы “Сарыарқа” республикалық велотрегінде өтеді. Турнирдің жеңімпазы, “Тайтұяқ” пен “Қазақстан барысы” алтын белбеуінің иегері атанады.

Талқылау