Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан барысы Бейбіт Ыстыбаев спорттан кетті

Қазақ күресінен Азия чемпионы, әлем чемпионы және 3 дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев үлкен спортпен қош айтысты.

Бұдан былай жамбылдық палуан өз ізбасарларын дайындаумен айналыспақ. Қазір Бейбіт Ыстыбаев өңірдегі жекпе-жек спорт клубының директоры қызметіне тағайындалды. Бұған қоса ұлттық күресімізді халықаралық деңгейде танытып, одан әрі дамытуға да қолдан келгенше өз үлесін қоспақ. Мәселен, осыдан бірер күн бұрын Астанада өткен әлем чемпионатында ол ұйымдастыру комитетінің өкілі атанып, төреліктің әділ өтуіне жауапты болды, деп хабарлайды 24.kz.

«Мен спорттан кетіп, қазір жұмысқа бардым. Жоспар – палуандар шығару, мықты-мықты, қазақтың көк байрағын желбірететін. Ол әрбір қазақ азаматының қолынан келеді. Бірақ ояту керек соны. Құдай қаласа, жұмыс істейміз. Көп сөйлемей, аз сөйлейтін адамбыз. Сондықтан нәтижесі болады деп ойлаймын»,-деді «Қазақстан барысы» турнирінің 3 дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев.

Тағы да оқыңыз:

Таяуда ғана ректорлары Сапарбаевтан сөз естіген университеттерде шетелдік хеллоуин мерекесі дүркіреп өтті

Ақтөбеде мыңдаған адам әулие Матронаға сыйынып тілек тілеуде

Бүгіннен бастап Қазақстанда жол жүру ережесі өзгерді

Талқылау