Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Ыстыбаев үшінші рет “Қазақстан Барысы” атанды

Астанада төрінде Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы-2016» республикалық турнирі өз мәресіне жетті.

бейбіт-жеңді

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Финалда белдескен Жұманазар Ерсұлтановтан айласын асырған Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы атанды! Бейбіт осыған дейін 2012 және 2015 жылы «Қазақстан Барысы» атағына қол жеткізген болатын.

Күміс белбеуді иеленген Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Жұманазардың еншісінде осыған дейін «Қазақстан Барысы» турнирінің қола белбеуі бар.

Еске сала кетейік, Ыстыбаев 2012,2015 жылдары чемпион атанған болатын.

Биыл жарыстың фавориті саналатын Руслан Әбдіразақов, Асыл Бәрменов, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаровтар финалға жете алған жоқ.

“Көрермен көзайымы” аталымында Виктор Демьяненко мен Александр Касачев марапатталды.

Талқылау