Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан балуандары Бейжің мен Лондон Олимпиадаларында алған медальдарынан айырылуы мүмкін

Қазақстан, Әзербайжан мен Украина балуандары допинг-сынаманы қайта тексерген жағдайда 2008 және 2012 жылғы Олимпиада медальдарынан айырылуы мүмкін.

66144c833c06fa044617411a6d71e1db

Фото: el.kz

Бұл туралы  Sports.kz  Flowrestling.org сайтына сілтема жасап хабарлады.

Басылымның жазуынша, 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Өзбекстан балуаны Тимур Таймазов, сонымен бірге 2012 жылғы күміс жүлдегер ресейлік Бесик Кудухов (2013 жылы қайтыс болған) марапаттарынан айырылады. Допинг пайдаланды деген күдікке ілінген басқа спортшылардың есімдері әзірге жарияланбады.

Еске сала кетейік, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында Қазақстаннан барған Таймураз Тигиев пен Елена Шалыгина күміс жүлде иеленсе, қола медаль Марид Муталимов еншілеген болатын. Ал 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында Ақжүрек Таңатаров пен Гюзель Манюрова қола медаль алып қайтты.

Талқылау