Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азаматы қорлық көргенін айтып, Ресей сотында өз тамырын кесті

Қазақстан азаматы Тимур Муритов Ресейдің Махачкал аймағында өткен сотта өзіне зиян тигізді. Сейсенбі күні сот оның абақтыда отыру мерзімін ұзарту бойынша отырыс өткізген сәтте отандасымыз өзін-өзі жарақаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қорғаушы Исрафил Гададовтың айтуынша, сотталушы осылайша прокуратураның назарын өзіне аудармақ болыпты.

«3 сәуір күні таңертең оны ұрып-соққан. Ауруханаға қанды ісікпен түсті. Оны бірнеше мәрте қорлаған. Олардың талабы бойынша, қорғалушым өзіне және басқа балаларға жала жабуы тиіс еді. Ол осындай қадамға баруға мәжбүр болды. Ол қалтасынан «табылған» граната мен жарылғыш заттың өзіне тиесілі екенін мойындаған. Алайда шын мәнінде бұл заттар оған тиесілі емес», – деп Гададовтың сөзін келтірді “Кавказский узел” басылымы.

Айта кетейік, Тимур Муритов наурыз айында ИГ террорлық ұйымына жетекшілік етті деген айыппен тұтқынға алынды. Қорғаушысының айтуынша, Муритовты электрлі тоқпен азаптаған.

Басылымның хабарлауынша, Махачкал полицейлері мен прокуратура өкілдері азаптау фактісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тимур Муритов Ресей қылмыстық кодексі бойынша, қаруды заңсыз ұстап, тасымалдап, сақтағаны үшін айыпталып жатыр.

Тағы оқыңыз: 

Қазнеттегі домендерді тіркеудің жаңа ережесі бекітілді

Шымкентте халықты улаған балмұздақ дүңгіршегінің екі қызметкерінен сальмонеллез қоздырғышы табылды

Шикі қарақұмық пен наннан жасалған тефтели: Астанада оқушыларға қандай тамақ береді

Оралда жаңа туған нәрестесін зират басына тастап кеткен ана бір ай бойы іздеуде жүр

Талқылау