Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азаматы 9 келі есірткімен ұсталды

Қазақстан азаматы 9 келі героинмен ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«2017 жылдың 4 қазанында Қазақстан ҰҚК Қордай шекара қызметінің шекарашылары тексеріс барысында 1958 жылы туған Қазақстан азаматынан «героин» есірткісі толған 9 полиэтиленді брикетті анықтады, есірткінің жалпы салмағы да – 9 килограм. Әр брикеттің сыртында «999» мөрі басылған», – делінген хабарламада.

Есірткіден бөлек, қолға түскен азаматтан «Вальтер» маркасының травматикалық тапаншасы табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Көмір тапшылығы: Қазақстандықтар күн суығанда үйді қалай жылытарын білмей отыр

Астаналық әйел сәбиін күні бойына қорапқа жатқызуға мәжбүр

Қорғаушысы: Қытайда түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың ақталуына сенім бар

Павлодарда 5 жасар қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен өгей әке қамауға алынды

Талқылау