Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азаматтарының визасыз қанша елге бара алатыны анықталды

Қазақстан азаматтарының паспорты әлемдік рейтингте 53-ші орынды иеленген. ҚР құжаты Марокко және Лесото елдері секілді өз азаматтарының еркін саяхаттауына мүмкіндік береді.  1345722311_kazakhstan-pasport

Бұл туралы PASSPORTINDEX хабарлайды.

Паспорттық рейтинг – қай мемлекеттің төлқұжаттары басқа елдерге визасыз режимде саяхаттауға қаншалықты мүмкіндік беретінін анықтайды. Бұл тізімде Қазақстан 53-ші орынға табан тірепті. Тиісінше, ел азаматтары оңайлатылған жүйе бойынша әлемнің 65 мемлекетіне еркін ұша алады.

Үлкен күшке ие паспорттар тізімі:

1 орын (147 балл) – Ұлыбритания және АҚШ;

2 орын (145 балл) – Корея Республикасы, Германия, Франция;

3 орын (144 балл) – Италия және Швеция;

4 орын (143 балл) – Сингапур, Жапония, Финляндия, Дания, Люксембург, Нидерланды;

5 орын (142 балл) – Швейцария және Канада.

Ресей бұл тізімде 36-шы орынды Черногория және Гватемала елдерімен бірге бөлісіп тұр. Бұл елдің паспортын иеленгендер 98 мемлекетке визасыз шыға алады.

Рейтинг – құрамына 193 мемлекет пен 6 аумақ (Макао, Косово және басқалар) кіретін БҰҰ елдері негізінде жасалған.

Талқылау