Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан ауыр атлеттерінің допинг дауына қатысты мәселе күрделене түстіді

Шұғыл түрде екінші сараптаманы Германияда жасатуға ұсыныс береміз деген федерация басшылығы енді бұл шешімдерінен бас тартып отыр.

123456

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Тіпті Халықаралық ауыр атлетика федерациясына қарсы мәлімдеме де жасалмаған. Атлеттерге араша болмаса, биыл өтетін жазғы Олимпиадаға Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов сынды басты фавориттер бармай қалуы ғажап емес.

Федерация Монреал зертханасының шешіміне қарсы мәлімдеме жасаудан бас тартқан. Тіпті маңызды нәтиже шығаратын Б сынамасын өткізбеуге өтініш беріпті. Себебі ол тағы да сол зертханада жасалады.

Енді өз ішімізде комиссия тағайындап, жасалған сараптама нәтижесін халықаралық федерацияға жіберіп, нақты шешімді күтеді. Сондай-ақ атлеттердің қанына допинг басқа жолдармен түсуі мүмкін дейді.

Бізде заңдық білім бар, бізде мүмкіндік те бар. Атлеттердің ағзасына допингтің қалай түскенін анықтаймыз. Кейбір рұқсат етілген тағамдар мен дәрі-дәрмектердің құрамынан да шығуы мүмкін. Бұл спортшылардың кінәсі болмайды. Егер солай болса, минималды айып салынады” – дейді ҚР ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин.

Жағдай екі ұшты болып тұрғанмен, жарысқа қатысудан уақытша шеттетілген жігіттер жаттығу өткізіп, Олимпиадаға дайындықты бастап кетіпті. Өздерінің ақтығына, федерацияның іскерлігіне сенетіндей. Ал ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Алексей Ни бірнеше зілтеміршілерінен допинг табылған Ресей тарабы да бұл мәселемен белсенді түрде айналысып жатқанын айтады. Шулы процеске екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин де пікірін білдірді.

“Менің ойым өзімізде тексергені дұрыс. Біздің басшылық қазір спорттан шеттету немесе үлкен көлемдегі айыппұл болмас үшін осы іспен дұрыстап айналысып жатыр. Себебі жас спортшыларды қорғап қалу керек” – дейді ол.

Қазірдің өзінде допинг табылғаны үшін Қазақстанға 50 000 доллар айыппұл салынды. Халықаралық Ауыр атлетика Федерациясы егер зілтеміршілердің допингті әдейі қабылдағанын түпкілікті түрде дәлелдесе, онда Жасұлан мен Алмас екі жылға спорттан шеттетіп, Рио-де-Жанейродағы олимпиадаға бармайды. Ондай жағдайда еліміздегі беделді спорт түрі ауыр атлетика федерациясының абыройына нұқсан келері анық.

 

Талқылау