Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 900-ге жуық шетел азаматы ұсталды

Алматы облысында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 900-ге жуық шетел азаматы ұсталды. Олардың көбі еңбек мигранттары. Көрші елден келіп, жалдамалы жұмыс істеп жатқандар күннің суығында от жағылмайтын лас лашықтарда тұрып, қара шәй мен макаронды талғажау етсе де елімізден кеткісі келмейді.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қазақстанның көші-қон заңдарын белінен басып жүрген шетелдіктер жетерлік. Әсіресе, көрші елдерден келіп, құрылыс нысандарында нәпақасын тауып жүргендер көп. Мәселен, бұл жұмысшылардың  барлығы Өзбекстан азаматтары. Келгендеріне біраз уақыт болса да көбі әлі  күнге дейін құжаттарын рәсімдемеген.

“Заң талабына сәйкес Қазақстанға Өзбекстаннан немесе басқа елден келген азаматтар заңды жұмыс істеуге рұқсат қағазын алу керек.  Сол қағазда мерзімі көрсетілген, сол мерзімге сәйкес жұмыс істеу қажет”, – дейді Алматы облысы көші-қон басқармасы қызметінің өкілі Тимур Ноғайбаев.

Келімсектердің көбі өмір сүруге еш жағдай жасалмаған, мынандай суық әрі лас жерде тұрып-ақ жұмыс істеуге дайын. «Себебі өз елімізде екі қолға бір күрек табылмай отыр», – дейді олар.

Төле би ауылындағы 300 балаға арналып салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарына да шетелдіктер тартылыпты. Алайда құрылысшылардың басшысы қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

Егер Өзбекстан азаматтарының еңбегі заңсыз пайдаланғаны анықталып жатса жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Құрылыс нысандарында ұсталған шетел азаматтары жеке басын анықтау үшін Ішкі істер департаментіне апарылатын болады. Егер бұл азаматтардың Қазақстан аумағында жұмыс жасауына заңдық рұқсат қағазы жоқ болса әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қалай болғанда да шетел азаматтарының тағдырын сот шешеді. Олар Қазақстан аумағынан тіпті шеттетілуі де мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Атышулы Қуандық Бишімбаевтың зәулім коттеджі табылды

Оралда жаңа туған баласын құрылыс алаңына лақтырып кеткен келіншекке үкім шықты

Бұл не деген сұмдық?: ОҚО әкімі көшедегі 18 дәретхананы көріп шошыды (видео)

Көкшетауда дүкеннен бір қорап кәмпит ұрлаған әйел 45 күнге қамалатын болды

Талқылау