Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әуежайларында шетелге шығуды шектеу туралы тыйымның күші жойылмақ

Қазақстанның ірі әуежайларында айыппұлды төлейтін терминалдар жұмыс істей бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Aeroport_10-720x340

“Бүгінгі күннен бастап Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтау әуежайларында атқарушы өндіріс бойынша қарыздарды, оның ішінде айыппұлдарды төлеуге арналған терминалдар тәулік бойы жұмыс істейді. Алдағы уақытта ондай терминалдар республиканың барлық әуежайларында орнатылады”, – деді ҚР әділет министрлігі сот актілерін орындау бойынша департамент директоры Ернар Ибраев.

Төлеу кезінде ұсталатын комиссия 1 пайыз – бұл 100 теңге. Қажетті айыппұлды өтегеннен кейін шетелге шығуға салынған шектеудің күші 15 минут ішінде жойылады. Бірақ, 2015 жылдың шілдесінен кейін салынған шектеулер ғана алынып тасталады. Оған себеп аталған уақытқа дейін шектеудің қағаз жүзінде іске асқаны. Ал ол қағаздар қазір жүйеде тіркелмеген екен.

Бұл ретте аталған терминалдар арқылы маусымдық төлемақыларды төлеуге болмайды, яғни алимент немесе шығынды өтеу қарыздарын жаба алмайсыз. Сондай-ақ, терминал 2 миллион теңгеден астам қаражатты қабылдамайды. Алдағы уақытта қаржы министрлігі төлем жүйесінің шектеуін алып тастау мәселесін қарастыруы мүмкін. Сонымен қатар, осы терминал арқылы коммуналдық төлемдер, салық және ұялы байланыс төлемдерін атқару да қарастырылып жатыр.

Әзірге аппарат Астанадағы көне терминалда тұр. Халықаралық әуежайдағы жаңа терминал техникалық тұрғыдан дайын болған кезде сонда көшіріледі.

Оқи отырыңыз:

Жарнамадағы әдепсіздіктерге алаңдаған депутат “Просто Мария” киносын мысалға келтірді

Шымкентте директордың түнге дейін қара жұмысқа салғанын айтқан мұғалімді әріптестері ұрып тастады

Келімбетов зейнетақы қорындағы “ақшаның қайда жатқанын көрсетуді” ұсынды

Астана көшесінде жабынған әйелдер бір-бірімен төбелесті (видео)

Талқылау