Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан атынан олимпиада күміс алған балуан Ресейге кетіп қалды

Пекин олимпиадасына Қазақстан атынан қатысып, күміс жүлдесін алған Теймураз Тигиев Ресей құрамасына қайта оралды.

5_main

Бұл туралы alaman.kz хабарлайды.

Бүгінде ол Ресей құрамасы қатарында жаттықтырушылық қызмет атқарып жүр.

Тигиев 2006 жылы Ресейден Қазақстанға келіп, кейін біздің елдің атынан Пекин мен Лондон олимпиадасына қатысқан. Пекинде ол венесуэлалық Люис Вивиенесті, кубалық Мишель Батистаны, грузин Георгий Гогшелидзені жеңіп, финалға шыққан. Алайда финалда өзінің бұрынғы отандасы ресейлік Ширвани Мурадовтан ұтылған.

Ал Лондонда бірінші айналымда ресейлік Абдусалам Гадисовтан жеңілген. Кейін Тигиев спорттан кеткен соң Ресейге оралып, қазір осы елде бірнеше балуанды олимпиадаға дайындап жүр.

Талқылау