Қазақстан әскеріндегі ең сұлу қыздар (фото)
Әйел әскери қызметшілері арасындағы «Батыр арулар» екінші республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. 80-нен астам қыз-келіншектер үздік әскери қызметші атағына таласты. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша ҚР Қарулы Күштері әскери мамандықтарының үздік 12 өкілі іріктелді.
Ибраева Жанар
1-сәуірден 31-мамырға дейін Қорғаныс министрлігінің сайтында дауыс беру жүргізілді. Осы мерзімде қатысушыларға 253 875 дауыс берілді. Енді міне, әскери киім киген әйелдер туралы барша елімізге белгілі болды.
Жеңімпаздарды ресми түрде марапаттау рәсіміне дейін, олар әскери тәсілдер мен жаттығуларды орындап, өздерінің жауынгерлік және дене даярлықтарын көрсетеді. Әрқашан жауынгерлік әзірлікте екендіктерін, тапсырылған міндеттерді сәтті орындайтындықтарын дәлелдеулері керек.
Әбуғалиева Айнұр
Сонымен қатар байқау жеңімпаздарын кәсіби стилисттердің көмегімен ажарландыру және «Батыр арулар» байқауы жеңімпаздарының бейнелері әр бетін көркемдейтін арнайы күнтізбеге арналған фотосессия күтіп тұр.
Барақбаева Аяжан
Молдашева Эльмира
Смағұлова Санди
Рамазанова Римма
Аязбаева Эльвира
Қаржаубаева Сымбат
Мұсаева Айжан
Ыдырысова Айгерім
Буткова Айым
Бектұрғанова Лаура