Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ашхабадтағы Азия ойындарын 4-орынмен аяқтады

Түркіменстан астанасы Ашхабадта жауынгерлік спорт түрлері бойынша жабық кешенде өткен V Азия ойындары мәресіне жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Екі аптаға созылған жарыс барысында қазақстандықтар 28 алтын, 28 күміс, 40 қола, барлығы 96 жүлдемен төртінші орынға тұрақтады.

Жалпы есептегі бірінші орын Түркіменстан спортшыларына тиесілі. Олар 89 алтын, 70 күміс, 86 қола медаль, барлығы 245 жүлде жиған. Екінші орында 42 алтын, 32 күміс, 23 қоласы бар Қытай құрамасы. 36 алтын, 23 күміс, 59 қола алған Иран құрамасы үздік үштікте.

Азия ойындарында Қазақстанның намысын 150 спортшы қорғаған болатын. Олар спорттың 17 түрі бойынша сынға түсті.

Оқи отырыңыз:

Түрмеден шыққан ММА шебері қарсыласын нокаутқа түсірді

Головкин-Альварес кездесуі бокс тарихында ең көп табыс тапқан үшінші жекпе-жек атанды

Ақтөбелік спортшы әлемді мойындатты

Джейкобс Головкинмен екінші рет кездесу үшін НВО арнасымен келісімшарт жасады

Талқылау