Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан аруы-2015» байқауының ресми сайтында қатысушыларға дауыс беру басталды

«Қазақстан аруы-2015» байқауына қатысушылардың ресми фотосуреттері. Өзіңіз таңдаған аруға misskazakhstan.kz сайтында дауыс беруге болады.

a95183dfcdfe90fd4ebec7bef3bc2793_XL

Бұл туралы әлеуметтік желілердегі байқаудың ресми аккаунтында хабарланды.

Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда Астанада ұлттық сұлулық байқауының финалы өтеді. Елдің 30 ең әдемі сұлу қыздары «Қазақстан аруы-2015» тәжі мен атағын жеңіп алу үшін сынға түседі.

Бұдан бұрын, елдің ең сұлу аруын қазақстандықтардың өздері онлайн және смс-дауыс беру жолымен таңдайтыны хабарланған болатын. Ал байқаудың қазылар алқасы гранд-финалшылардың үштігін ғана анықтайды. Биылғы жылы бірінші орынға 5 миллион теңге мөлшерінде жүлде тағайындалғанын атап өткен жөн.

Байқау сайтында хабарланғандай, дауыс берудің аяқталуына 6 күн 22 сағат қалды.

Талқылау