Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақстан аруы – 2015” байқауының қатысушылары арасында Өскемен аруы жоқ

Байқауды ұйымдастырушылар ШҚО-ның орталығында бірнеше жылдан бері байқаудың іріктеу кезеңі өтпейтінін айтады. Олардың айтуынша, бұл шараны ұйымдастыру жұмыстарын ешкім мойнына алғысы келмейтін көрінеді.

zhannaakimova846_0

 

Бұл туралы STAN.KZ Yk-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада биылғы жылдың аруын таңдау мақсатында республикалық сайысқа дайындық жүріп жатыр. Алайда, Өскемен аруы финалға өтпеген. Шығыс Қазақстанның намысын 22 жастағы студент Жанна Әкімова қорғау керек болған.

Байқау 20 қара күні басталды. Еліміздің барлық аумағында Қазақстан аруы атағына үміткерлер қатал сынақтан өткен. Мыңдаған үміткер арасынан 30 ару таңдалған. Олардың бәрі қазір Астанада.

Байқауды ұйымдастырушыларыдың айтуынша, ШҚО іріктеу кезеңі Семейде 24 қарашада болған. Оған қанша үміткер қатысқаны белгісіз. Облыс бойынша іріктеуге ешкімнің қатыспағанын жоққа шығаруға болмайды. Соңында басты сайысқа жолдама 22 жастағы Жанна Әкімоваға табысталған. “Семей аруы – 2015” Жанна Әкімованың екі жоғары білімі бар. Бірі: мұғалім, екіншісі заңгер. Қазір Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясының магистратурасында білім алуда.

Еске сала кетейік, байқау шарты бойынша арулар “Сұлулық мейірімділікте” деген ұранмен әлеуметтік, спорттық және қайырымдылық шараларға қатысатын болады. Еліміздің ең сұлу аруы 10 желтоқсанда онлайн жүйесі және халықтың смс-хаттары арқылы анықталатын болады.

Талқылау