Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан алтын қоры ең көп 15 ел қатарына кірмек

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Халыққа арналған тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу» бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.

1496393560_article_b_1500_

Бұл туралы Kapital.kz хабарлайды.

Алтын құймалар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылатын болады. Алтын құймаларды екінші деңгейдегі банктердің тұтынушыға күн сайын төлем жасау арқылы кері сатып алу мүмкіндігі олардың өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы болады.

Бағдарламаға қатысатын алтын құймаларды Қазақстан теңге сарайы дайындады және 10, 20, 50 және 100 грамм болып төрт түрде ұсынылды. Мәселен, 10 грамдық құймалар күрең қызыл, 20 грамдық – жасыл, 50 грамдық – көгілдір түсті арнайы ораумен және 100 грамдық құймалар – алтын түстес ораумен ұсынылды.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың тегіс беті, микромәтін және бедерлі қыр) және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы ораумен шығарылады. Қорғаныш орау да құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан, құйманы ұқыптау сақтау және орауын ашпау ұсынылады.

Оқи отырыңыз:

Казкоммерцбанкті сату туралы келісімге қол қойылды

Арзан ипотека: Аз төлеп, баспана алу үшін не істеу қажет

Министр зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді

Зейнетақы қоры Әзірбайжан банкіне салған 71 млрд ақшаны қайтара алмауы мүмкін

Талқылау