Қазақстан Алғыс айту күнін тұңғыш рет атап өтеді

Сейсенбі, 1 Наурыз , 2016 7:24

Бүгін – Қазақстанда Алғыс айту күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді.

04 (3)

Сурет akorda.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

1995 жылдың 1 наурызында елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды және 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіре алатын күн деп жариялауды ұсынды.

Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Қазақстан – азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер пен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет.

Бұл күні Астанада көптеген шаралар ұйымдастыру көзделіп отыр. Ұлттық ұлан әскері қолбасшылығы Алғыс айту күніне тақырыптық кеш өткізгелі отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мұражайға кітапты сыйға тарту» шарасы өтеді. «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Қазақфильм» студиясы шығарған «Анаға апарар жол» фильмінің премьерасы өтпек.

Сондай-ақ осындай мәдени-бұқаралық шаралар еліміздің барлық облыстары мен түпкір-түпкірінде өтеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар