Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі мұсылман туристері үшін ең қолайлы ел тізімінде 16-орынды иеленді

Қазақстан республикасы әлем елдерінің мұсылман туристері үшін ең қолайлы елдер тізімінде 16-орында тұр. Зерттеуді Crescentrating агенттігі жүргізген.

9119021

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Бірінші орынды Малайзия, екінші орынды БАӘ, үшінші орынды Түркия иеленді. Ал, ТМД елдері ішінде Қазақстан тізімде көш бастап тұр. 15 орында Иран мемлекеті, 17-орында Мысыр елі аталған.

Мұсылмандар үшін барлық қызметтің, соның ішінде тағамның халал болуы міндетті. Азық-түліктің маркаланғаны бойынша стандартқа сәйкес болуы қаралды. 130 ел таңдалған рейтинг бойынша азық-түліктің халал болуы, әуежайдағы құлшылық бөлмелерінің болуы, виза алудың жеңіл жолдары талапқа алынды.

Талқылау