Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ең арзан елдер ондығына кірді

Әлемдегі ірі қолданушылар контенті Numbeo базасы әлемдегі ең арзан мемлекеттер тізімін жасады.

ey-hero-kazakhstan-attractiveness-2014 (1)

Сурет: tr-kazakhstan.kz 

Рейтинг бойынша азық-түлік, жылжымайтын мүлік, мейрамханадағы орташа тамақтану бағасы, такси төлемдері, қоғамдық көліктермен жол жүру ақысы, коммуналды төлемдер мен мобильді байланыс төлемдері есепке алынды.

Зерттеу бойынша Үндістан әлемдегі ең арзан ел деп танылды (индекс 24.14). Бұл елдегі өмір сүру құны Ресей қалаларымен салыстырғанда (тұрғын үй жалдау құнын есептемегенде) 32,95%-ға дейін төмен. Сондай-ақ, Үндістандағы тұрғын үй жалдау құны Ресеймен салыстырғанда 58,76%-ға арзан. Тізімде екінші орында Молдава тұр. Мұнда тұтыну қоржыны 24,48%, жылжымайтын мүлікті жалға алу 55,69%-ға арзан. Ең арзан мемлекеттер қатарына Пәкістан, Қазақстан, Непал, Украина, Грузия, Алжир, Әзірбайжан мен Колумбия елдері кірді.

Зерттеу мәліметтерінше, тамақтану бағасы арзан ел – Непал екені анықталды. Ал, Кубада кинотеатрлар мен жолақысы, электр құны арзан екені белгілі болды. Ең арзан McDonalds Украинада екен.

Ал, ең қымбат жер – Бермуд аралы екені белгілі болды. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, Бермудте өмір сүру құны Ресейге қарағанда 288,34%-ға қымбат. Ал, тұрғын үй жалдау құны 543,12%-ға қымбат болып шықты.

Ең қымбат елдер қатарына Швейцария, Багам аралдары, Норвегия,  Исландия, Дания, Сингапур, Люксембург, Кувейт, және Ганконг елдері кірді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне енді

Қазақстан жағармайы ең арзан елдердің ондығына кірді

Қазақстан әлемдегі ең арзан 10 елдің қатарына кірді

Талқылау