Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ең арзан 10 елдің қатарына кірді

Халықаралық GOBankingRates агенттігі әлемдегі өмір сүруге қолайлы ең арзан елдер тізімін жасап, Қазақстанды Замбия мен Сауд Арабия арасындағы бесінші орынға қойды. Негізгі ел қатарына Нью-Йорк қаласы алынып, осы елмен өзге елдердің астаналарын салыстырды.

астана

Сурет novostroy.kz сайтынан алынды

Қорытынды көрсеткіш елдің жалақысы, жалға беру құны, азық-түлік бағасы мен тұтыну индексі бойынша тексерілді.

Бесінші орындағы 18,2 миллион халқы бар Қазақстан Ресей мен Қытай елімен шектесіп жатыр. Ел экономикасы мұнай, көмір, темір рудасы сынды табиғи ресурстармен дамуда. Қазақстандағы азық-түлік бағасы мен тұтыну тауарларын алып қарайтын болсақ, өзге елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзанға түседі.

1271014832_e24b5f9e00_o

Сурет ehorussia.com сайтынан алынды

Төртінші орындағы Сауд арабиясында азық-түлік пен тұтыну тауарлары өзге елдерген қарағанда әлдеқайда қымбат. Алайда, бұл ел мұнайымен бай ел. Дүниежүзілік банктің есебінше елдің ішкі азық-түлік бағамы 24,161 мың долларды құрайды.

2-600

Сурет www.objectiv-x.ru сайтынан алынды

Үшінші орында – Косово елі. Ол Шығыс Европа мен Сербия, Албания, Македония елдерімен шектесіп жатыр. 1,9 миллион халқы бар бұл елде минералды ресурстар мен құрылыс материалдары өндіріледі. Косовода бір адамның айлық шығыны 350 долларды құрайды.

file_1318478969_155403226

Сурет www.geliostour.kz сайтынна алынды

Екінші орына – Үндістан тұр. Мұнда 1,25 миллиард адам мекен ететід. Негізгі өндірісі – азық-түлік, мата және химия өнеркәсіптері. Ең арзан 50 елдің қатарына Непалдан кейінгі екінші орынға шыққан.

durban

Сурет www.aruzhan.kz сайтынан алынды

Тізімнің көш басында – Оңтүстік Африка Республикасы. Мұнда қатардағы жұмысшылар да зейнетке шыққан кісілер де еркін өмір сүре алады. Елде платина, алтын мен хром өндіріліп, кіріс пен ел экономикасына елеулі үлес қосып отыр. Сонымен қатар, тұтыну тауарлары мен жалға беру құны басқа елдерден қарағанда арзан болып шықты.

Ең соңғы 50-орын Белорусь еліне бұйырды. Украина – 24, Ресей – 39-орынға тұрақтаған.

Талқылау