Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақмыс» компаниясының жұмысшысы қаза тапты

«Қазақмыс» компаниясы 14 желтоқсан күні «Құсмұрын» кенішінде болған қайғылы оқиғаны хабарлайды.

skoraya

Күрделі учаскеде суды сорғызу кезінде кен массасы құлады. Соның салдарынан үңгуші жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі таңда болған оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды.

«Қазақмыс» компаниясы және еңбек ұжымы марқұмның отбасына және туысқандарының қайғы қасіреттеріне ортақ екенін білдіреді.

Талқылау