Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақфильм” тарихи “Томирис” фильміне түсетін актерлерге кастинг жариялады

“Қазақфильм” киностудиясы массагет тайпасының көсемі Томириске арналған тарихи картинаға түсетін актерлерге кастинг жариялады. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлады.

20170410104043

Бұл фильмді “Қазақфильм” ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Sataifilm кинокомпаниясымен бірігіп түсірмек.

Картинаны бұған дейін “Жаужүрек мың бала”, “Ағайындылар”, “Адасқандар”, “Анаға апарар жол” киноларының режиссері Ақан Сатаев түсіреді.

Кастингке 16 жастан асқан барлық адамдар қатыса алады. Алматы қаласы бойынша мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 176, “Қазақфильм” киностудиясы. Алматылықтар кастингке 12 мамыр күні келе алады.

Астана қаласы: 15 және 16 мамыр күні Ілияс Есенберлин көшесі, 10, “Жастар” театры.

Оқи отырыңыз:

Қытай арнасы Димашты түсіну үшін 5 қазақ баласын жұмысқа алған

Мейрамбек Бесбаев еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін көрсетті (фото)

Тәуекел Мүсілім “қалталы көкесінің арқасында танылды” деп сынайтындарға жауап берді

Ләйлә Сұлтанқызы өзін “топас” деп кемсіткен бойжеткенді орнына қойды

Талқылау