Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақфильм» сахна саңлағын 100 жасында киноға түсуге шақырды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасқа таяды. Жуырда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы актрисаға Қалибек Қуанышбаев туралы киноға түсуге ұсыныс жасады, деп хабарланды Ұлттық арнадағы «Таңшолпан»бағдарламасында.

b5f99723ffc4582cb16f5a270b514453

Бұл туралы ғасыр жасаған сахна саңлағын құттықтай барған «Таңшолпанның» тілшісі Жазира Зәкірқызымен әңгімеде белгілі болды.
Хабиба Елебекова театр өнеріне 70 жылдан аса қызмет етті. 93 жасында киноға түскен.

«Театарға 17 жасымда келдім. Театр – менің қарашаңырағым»,- дейді актриса.

Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын ерекше құрметтейтін өнер иесі таңғы бағдарлама көрермендеріне ақынның өлеңін жатқа оқып берді.

Талқылау