Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақфильм” АҚ мемлекет тапсырған мүддеден шыға алмады

Министрліктің киножобалардың бәсекеге қабілеттілігі және өндіріс шығынын азайту жөніндегі жұмыстары бойынша “Қазақфильм” АҚ-ның кіріс көлемі мүлде аз. 2013-2014 жылдары фильм өндіруге бөлінген ақшаның 2,1 пайызы ғана жұмсалған.

1439275812b6q0u_1000x768

Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов айтты.

Оның айтуынша, “Қазақфильм” АҚ 1,6 миллиард көлемінде нәтижелі жұмыс көрсете алмайтын продюсерлік компаниялармен негізсіз келісім жасасқан.

Министрліктен 011 бюджеттік шығындарды есептеу бағдарламасы негізінде “Қазақфильм” АҚ 400,1 миллион теңге көлемінде түсірген 30 фильм өндірісіне қаражат бөлінген.

Сондай-ақ, мемлекеттің тапсырысы бойынша 3 ұлттық фильм мен аймақтық пркатқа шығарылатн 7 фильмнің түсірілмегені анықталды. Қазіргі уақытта 981 миллион теңгені қамтитын 7 фильм жобасы тұр.

Талқылау