Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақалтын” шахтасына шабуыл жасаған алтын іздеушілердің өліміне қатысты деректер пайда болды

Ақсу кен ошағындағы заңсыз алтын іздеушілер жасаған шабуыл кезінде бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы “Қазақалтын” АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

997521

Фото: Павел Лисицын

Қаңтардың 21-інен 22-іне қараған түні 12 адамнан тұратын заңсыз алтын іздеушілер тобы алтын кварцты кенді ұрлап, заңсыз өндіру мақсатында “Қазақалтын” АҚ-“Рудник Ақсу” №38-40 филиалының жерасты шахтасына заңсыз кіруге әрекет жасаған.

“Қоршауды бұзып, заңсыз алтын іздеушілер шахта аумағына енеді, Металл заттарды қару ретінде пайдаланып кәсіпорын күзетшілеріне шабуыл жасаған. Осыдан соң жасырын түрде шахта ішіне кіріп кетеді. Өндіріс қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған олар қоршау арқылы секіріп өтеді”, -делінген хабарламада.

Шахтаның төменгі горизонтына түсу кезінде 1989 жылы туған бір заңсыз алтын іздеуші шахта көтермесінен ауыр жарақат алып көз жұмса, 1990 жылы туған тағы бір ер адам 165 метр тереңдікке түсу кезінде қайтыс болады. 1980 және 1991 жылғы екі алтын іздеуші әртүрлі жарақатпен Степногорск ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар, “Қазақалтын” қауіпсіздік қызметі және Степногорск полициясы шахта аумағынан тағы алты заңсыз алтын іздеушіні ұстаған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары басталып кетті. Оқиға қатысушы өзге адамдарға іздеу жарияланды.

Оқи отырыңыз:

Өш алу үшін өлім: Алматыда мектеп оқушысының өліміне байланысты 5 адам ұсталды

Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)

Шымкентте көлік жүргізушісі анасын үш баласымен қосып қақты

Көкшетауда бағанға соғылған көлік екіге бөлініп кетті

Талқылау