Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азаматты жекпе-жекке шақырды (видео)

Желіде қазақ жігітінің жедел жәрдем көлігінің жүргізшісін ұрған азаматқа айтқан үндеуі жарияланды.

Кеше түрік жігітінің жол бермеген жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған туралы хабарлаған болатынбыз. Егде жастағы азаматтың бет-жүзі жарақаттанды.

Видеодан шетелдік азаматтың көлігінен түсе сала жүргізушіге тап бергенін көруге болады.

Бұл оқиға көпшіліктің ашуына  тиді. Осы орайда қазақ жігіті Сәбит Жүсіпов  үндеу жолдап, оны жекпе-жекке шақырды.

“Кешегі жас жігіттің егде жастағы азаматты, оның үстіне жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт жайлы айтқым келеді. “Фольксваген Пассат” көлігінің жүргізушісі, егер сен күресетін болсаң, екеуміз кездесейік, жол-пұлыңды өзім төлеймін. Немесе мен барайын саған. Көшеде ме, рингте ме, ережесіз бе, ережемен бе қалай ынғайлы солай қол көтеріп көр маған. Жекпе-жекке шық. Мен саған үлкендерді қалай сыйлау керек екенін үйретейін”, – деді қазақ жігіті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Сабит Жусупов @zhusupov_lucky_sabit

Публикация от MMA▫BOXING ▫WRESTLING 🇰🇿 (@mma_kazakhstan)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау