Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті Моңғолия президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Моңғолиялық Жандос Шәріпұлы көппартиялы жүйенің арқасында сол елдегі саясатқа араласқанын айтады. “Бұл қызметке қарым-қабілетіме байланысты ие болдым” дейді ол.

8555

Бұл туралы “Азаттық” хабарлайды.

Моңғолияда тұратын этникалық қазақ Жандос Шәріпұлы жуықта сол ел президенті Халтмаагийн Баттулганың кеңесшісі болып тағайындалды. 1984 жылы Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген Жандос Моңғолияның мемлекеттік жоғарғы оқу орнын әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген.

Ол әр жылдары Баян-Өлгий аймақтық сауда және кәсіп палатасында, демократиялық партия қатарында, үкіметтік геологиялық орталық лабораториясында, қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік әкімшілік департаментінде басшылық қызметтер атқарған.

2BB7BE06-CFC3-4084-B745-06BACEA797A1_w650_r0_s

“Әрине, саясатта тек саясаттанушылар жүрген жоқ, барлық сала мамандары бар. Бізде көппартиялы жүйе болғандықтан саясатқа араласпауың да мүмкін емес. Себебі саяси партия арқылы халықпен тығыз байланыста болу, олардың мұң-мұқтажын тыңдау, елдің жоғын жоқтап, мүддесін қорғау – саясаттың ең алғашқы баспалдағы. Яғни осылай әуелі өзіңді халыққа таныта білу керек. Одан кейін өзің таңдаған саяси партияның ішінде орның, бет-бейнең, беделің мен қабілетің болу керек. Мұнан басқа сенің саясатқа араласу үшін моральдық құқың болу керек. Ең басты жолы – осы. Басқа құпиялылығы жоқ”, – дейді Жандос.

Бұрын-соңды президент кеңесшісі болған қазақ болған емес. Дегенмен парламент депутаттары, министр болған қазақтар көп.

1E259D2A-0A92-4424-B96B-BA46388EC804_cx0_cy3_cw100_w650_r1_s

“Моңғолия мемлекетінің конституциясында “Моңғолияда өмір сүретін әрбір Моңғолия азаматының өзінің ана тілінде білім алуға, ақпарат алмасуға және өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігін шектемейміз” деген тармақ бар. Осы тармақ қазіргі кезде заңды түрде іске асып жатыр. Аз ғана қазақтың тіліне, дініне, салты мен мәдениетіне нұқсан келтіретіндей қорқыныш жоқ. Қиыншылық көрсек те, жақсылық көрсек те, моңғолиялық ағайындармен бірге көріп жүрміз”, – дейді ол.

Қазіргі кезде Моңғолияда 160 мыңға жуық қазақ өмір сүреді. Бұл – халықтың 6-7 пайызы ғана. Оның 90 мыңы Баян-Өлгий аймағында, қалған 70 мыңы Эрдэнэт, Налайх секілді аймақтарында шашырай қоныстанып отыр.

Оқи отырыңыз:

Елбасы: Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн

Божко: Қалаға келетін ауылдық жастардың ағымын азайту керек

Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді

Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)

Талқылау