Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті «Қытайдың бокс королі» атанды (фото)

6 қаңтар күні Хаңжоу қаласында 75 келіге дейінгі салмақта кездесулер өтіп, шынжаңдық қазақ бокс шебері Тоқтарбек Таңатқан осы доданың чемпионы Уын Инхаңды ұтып, «король» чемпиондық белдігін  жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл сайынғы Қытайдың «Бокс королі» чемпионатының 2017 жылғы додасы қорытындыланды.

6 қаңтар күні Хаңжоу қаласында 75 келіге дейінгі салмақта кездесулер өтіп, шынжаңдық қазақ бокс шебері Тоқтарбек Таңатқан осы доданың чемпионы Уын Инхаңды ұтып, «король» чемпиондық белдігін  жеңіп алды. People Daily порталының хабарлауынша, оның бұл жолғы қарсыласы Уын Инхаң бұдан бұрын Тянжинде өткен бокстан ел біріншілігінде 75 келіге дейінгі салмақ санаты бойынша алтын медаль иегері, сонымен қатар осы турнирдің  екі мәрте «Қытайдың бокс королі» атанған.

Ал Тоқтарбек Таңатқан кейін шыққан боксшы. Ол бұған дейін осы аталған жарысқа қатысып, күміс медаль еншілеген. Оның сол кездегі қарсыласы да дәл осы Уын Инхаң болған екен.   Бұл жолғы 8 раундқа созылған айқаста төрешілер 2:1 деген есеппен Тоқтарбек Таңатқанға 2017 жылғы бокстан Қытайдағы «бокс королі» атағын берген.

Тағы да оқыңыз:

Шиедей ерні-шубами как вишня: Журналист Баянның фильміндегі қате сөздерді тізіп берді

Елбасы: Азаматтық қоғам құрылғанда өзге ұлт өкілі де президент болып сайлана алады

Назарбаев: Терминдерді қазақ тіліне аударудағы “жаңалықтар” күлкіңді келтіреді

Талқылау