Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті Голландия футбол клубының мүшесі болды

Шымкенттік «Қыранның» шабуылшысы Мұрат Оңал голландияның «Лиссе» клубына мүше болды

photo_70445

Бұл туралы Vesti.kz. хабарлады.

Қазіргі кезде 28 жастағы футболшы Голлондия футбол клубының мүшесі.

Мұрат Оңал «Қыранда» ойнаған екі маусымда 28 доп соғып, бірінші лиганың үздік бомбардирі болды.  Түркияда дүниеге келіп, Голландияда тұрып жатқан қазақ жігітін 2011 жылы  қарағандылық «Шахтер» командасы тексеруден өткізген болатын, алайда клубқа мүше бола алмады.

Оналдың өзі сұхбаттарында азаматтығын ауыстырғысы келетінін, Қазақстан құрамасының намысыны қорғауға дайын екенін бірнеше рет айтқан болатын. Ол бұдан бұрын бір рет  2000 жылдардың орта шенінде  ұлттық команда құрамында (ресми емес) өнер көрсеткен.

Талқылау