Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті “Астанаға” қарсы ойнайтын “Селтикке” жанкүйерлік етеді

“Селтиктің” әлеуметтік желідегі ресми парақшасы “Астанамен” болатын қонақтағы мачтына келетін шотландық команданың екі жанкүйерін атап өтті.

20160727084936

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Бір қызығы, “Селтик” фанатының бірі қазақстандық азамат екен. Жәнібек Қаршалов сүйікті командасының ойынын тамашалауға Алматыдан келген. Оның досы – Андрей Василенко Астанаға сонау Сібірден ат шалдырып жетіпті.

“Астана-Аренадағы” матч бүгін, 27 шілде күні 20:00-де басталады.

Ал “Астананың” бас бапкері Станимир Стойлов “Селтикті” қалай жеңуге болатынын айтқан. “Жанкүйерлердің керемет қолдауын сезінеміз деп ойлаймын. Бұл біздің команда үшін қосымша күш”, – деді болгар маманы.

Ол сондай-ақ, бүгінгі матчқа жарақатына байланысты команда капитаны Таңат Нөсербаевтың қатыспайтынын да хабарлады. Есесіне “Жальгириске” қарсы ойынға шықпаған Азат Нұрғалиев жасыл алаңда өнер көрсетеді.

Еске сала кетсек, “Астана” футбол клубы Чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу раунды аясында “Селтикке” қарсы алғашқы матчты Астанада ойнайды. Бір аптадан соң командалар 3 тамызда Шотландияда қарымта кездесуді өткізеді.

Бүгінгі кездесуді “Казспорт” арнасы тікелей эфирде таратады.

Талқылау