Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті үй шаруасына олақ әйелінен мезі болғанын айтып ашынды

Қазақстандық жігіт өзінің үй шаруасын игере алмаған әйелі туралы айтып берді. Сөзіне сенсек, әйелі төркініне жиі барып, қайын жұртын сыйламайды екен.

319380_58212nothumb500 (1)

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Өзім үйленгенмін. Қазір екі баламыз бар. Жұмысым да тұрақты. Отбасын құрғанымызға 6 жыл болды. Әйелім де жұмыс жасайды. Жалпы осы күніме шүкіршілік етемін. Мүлдем қыдырмаймын. Қолым қалт етсе, бос уақытымды балалармен өткізуге асығамын. Бар мәселе әйелімнің шешесінде болып отыр. Ол кісі біздің тұрмыстық өмірімізге араласады. Үйіне жиі шақырады. Кейде үйіне күштеп алдыртатын кездері болады. Осыдан кейін әйелім төркініне жиі барады. Жібермесем, ұрыс-жанжал шығарады. Келін болып түскен әулетімен емес, өз төркінімен етене жақын болғысы келеді.

Үй шаруасына өте салақ. Ас үйге ұсақ-түйек, жиһаз алу деген сындыларға мүлдем қызықпайды. Таңнан кешке дейін «Мамаға барайық», «Қыдырайық» деп айта береді. Қашан ақыл-есі толығады екен? «Менің, біздің» деген мақсаты қашан айқындалады екен? Тұрмыстағы әйелдің төркініне жиі барғаны дұрыс па? Тұрмыстағы әйел үшін бірінші орында күйеуі мен бала-шағасы тұруы керек емес пе? Әлде мен қателесемін бе? Ер адамның атақ-абыройын көтеретін әйел адам. Жалғыз қалғанда көп ойланамын. Туған-туыстарымның алдында қадірім қалмаған сияқты. Сөздің қысқасы – менің әйелім адам болмайды!

Ақыл кеңестеріңіз қажет. Көреген жердің қызы жақсы ана, жақсы әйел, жақсы келін бола алады екен. Достарым мен көршілерімнің әйелдері тапқан табысты жоспарлап, артық ши шығармай отырады. Ал менікі үнемі қыдырып, менен телефонын жасырады. Маған көрсетіп бір, көрсетпей бір косметика алып жүреді. Берекем кетті. Енді бір рет шу көтерсе, барлығын бітіргім келеді. Былықтан басымды арашалап алғым келеді. Екі балам аман-сау болса, мені әлі де іздеп келеді», – дейді жігіт.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жас ұстаз: Әке-шешемнің жоқтығын күйеуім бетіме басады деп қорқамын

Екі әйелдің арасында таңдау жасай алмаған жігіт жұрттан ақыл сұрады

Күйеуі сотталған келін өзіне демеу болған ата-енесіне ризашылығын білдірді

Жас келіншек күйеуінің жалқаулығынан мезі болғанын айтып жылады

Талқылау