Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіт Counter-Strike ойынын Андроидқа көшірді (видео)

Әлібек Омаров Github репозиториінде Android телефонында толыққанды Counter-Strike 1.6 ойынын іске қосу үшін қажетті файлдар мен нұсқаулықтарды жария етті.

4

Сурет cs16-download.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Геймер CS компьютерлік ойынының түпнұсқасын ойнайтын ойын серверлеріне еш қиындықсыз қосыла алған.

Журналистер бұл танымал Counter-Strike 1.6 ойынын ұялы құрылғыға көшіру емес пайдаланушы компьютерінде орнатылған ойынның Steam нұсқасындағы бірқатар файлдарды талап ететін толыққанды порт екендігін жазуда.

Counter-Strike 1.6 смартфонда жұмыс істейтінін геймер өз видеосында көрсетеді. Оның экранында сенсор батырмалар көп болғанымен бұл классикалық шутер жанкүйерлеріне оны сынап көруге кедергі бола алмайды.

Талқылау