Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақ» жазуы бар темір тұлпар Нью-Йорк көшелерін кезіп жүр (фото)

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі танымал «За тебя, Бәке» тобының жазылушылары Нью-Йорк көшелерін «ҚАЗАҚ» деген жазуы бар нөмірмен кезіп жүрген қымбат көліктің суретін жария етіп, талқыға салған.

pogudx1vm8c9m7at5o.fa840f8c

Бұл туралы Bnews.kz сайты хабарлайды.

Бір қызығы, нөмірі «Қазақ» «Гелендваген» Нью-Йорк тұрғындарының ерекше назарын аударған. Мына сурет те дәл осы қалада түсірілген екен. Сурет бірер күннің ішінде 4 мыңнан аса «лайк» жинап үлгерген.

Желі қолданушылары бұған қатысты екі түрлі мазмұндағы пікір білдіріп жатыр: бірі мұны патриоттықтың белгісі десе, енді біреу бос мақтаннан басқа ештеңе де емес дейді.

6236c8814c88d164b57424c6f96303c5

Талқылау