Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақ зағиптар қоғамының» президенті Байбатыр Әубәкіров 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық соты «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Байбатыр Әубәкіровке қатысты үкім шығарды.

20151228165728

 

«Сот Әубәкіров Байболат Абайұлын ҚР ҚК 176-бабы 4-тармағы Б тармақшасында, 148-баптың 1-тармағында қарастырылған қылмыстарға кінәлі деп үкім шығарды. Оған тиесілі мүліктерді тәркілей отырып, 5 жыл лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айыру арқылы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті», – деді сот үкімін жария еткен төреші Айжан Құлжанова.

20151228165708

Оның мәліметінше, Б.Әубәкіров жазасын жалпы режімдегі коллонияда өтейтін болады. Сонымен қатар, сот оның сыбайласы Әділет Оспанованы да ҚР ҚК 28-бабының 5-тармағына, 176-баптың 4-тармағына сәйкес, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және 3 жылға лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырды.

«Қос» қоғамдық бірлестігінің пайдасына Б.Әубәкіровтен 1 млрд. 91 млн. 430 мың 952 теңге, сондай-ақ, мемлекет кірісіне 10 млн. 914 мың 309 теңге мемлекеттік салық өндіріліп алынсын. Ә.Оспанова мен Б.Әубәкіровтен жалпы 28 млн. 263 мың 700 теңге, сонымен қатар, мемлекет кірісіне 282 мың 637 теңге мемлекеттік салық өндіріліп алынады», – деді А.Құлжанова.

Талқылау